2020 жылдың 18 мамырынан бастап арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері қайта есептелініп бекітілді

2020 жылдың 18 мамырынан бастап арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері қайта есептелініп бекітілді

«Ардагерлер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2020 жылғы 18 мамырдан бастап:

- 1988 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС-тағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға – 4,8 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары арасынан шыққан Социалистік Еңбек Ерлеріне – 138,63 АЕК;

- Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне – 138,63 АЕК мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемі қайта есептелінді.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 18 мамырдан бастап:

- Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – 4,8 АЕК;

- Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – 4,8 АЕК;

- Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдары – 4,8 АЕК мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемі бекітілді.

Қазақ
ТіркемеКөлем
Image icon 1515679828_ndfl_raschet.jpg22.38 KB