2019 жылы 2 млн астам қазақстандыққа АӘК тағайындалды

Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 2 млн 87 мың 400 адамға (405 мың 600 отбасы) тағайындалды, оның ішінде 1 млн 302 мың 500 бала (олардың үлесі барлық алушылардың 62,4% - ын құрайды). Алушылар құрамындағы көп балалы отбасылар шамамен 40% - ды құрайды (161,6 мың отбасы немесе 1 млн 71,6 мың адам).

19.09.2019 - 14:08
Өзгертілді: 19.09.2019 - 14:08
Қазақстанда өндірістік жарақаттану 13% - ға төмендеді

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республика кәсіпорындарында 757 жазатайым оқиға орын алды, нәтижесінде 848 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13% – ға төмен (2018 жылдың 8 айында – 975 адам), оның ішінде – 95 адам қаза тапты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 28% - ға төмен (2018 жылы-133 адам).

Бұл ретте жарақаттанудың өсуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалады. Павлодар облысында өлім-жітім жағдайларының саны артты.

16.09.2019 - 09:23
Өзгертілді: 16.09.2019 - 09:23
Павлодар облысында 444 отбасына АӘК төлеу тоқтатылды

Павлодар облысында өздерінің нақты табыстарын жасыру арқылы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындауға заңсыз қол жеткізген 444 отбасына төлемдер тоқтатылды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Әлеуметтік көмек және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басшысы Майгүл Рахымжанова Павлодар облысы тұрғындарының әлеуметтік қызмет қызметкерлерін алдау фактілері туралы хабарлады. Оның айтуынша, АӘК тағайындау кезінде ең көп таралған бұзушылық нақты табыстарды жасыру болып табылады.

16.09.2019 - 09:21
Өзгертілді: 16.09.2019 - 09:21

Беттер