Қарттар күнін мерекелеу аясында бір жолғы материалдық көмекке 3,2 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұл ретте, 1,2 млрд теңге санаториялық-курорттық емделуге, 1 млн-нан астам теңге қоғамдық көлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, тіс протездеуге бағытталады. 1,5 млрд теңгеден астам  соманы басқа көмек түрлеріне бөлу жоспарлануда.

02.10.2019 - 07:28
Өзгертілді: 02.10.2019 - 07:28

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанның барлық зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтап, ҰОС-дағы фашизмді жеңуге, Қазақ КСР-інің дамуына және тәуелсіз Қазақстанның жас буынын тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін елорданың 100 жастағы тұрғынына өз алғысын білдірді. Сонымен қатар, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің зейнеткерлеріне жылыжай сыйлады және оларға отанымыздың игілігі жолындағы еңбектері үшін алғысын білдірді.

02.10.2019 - 07:14
Өзгертілді: 02.10.2019 - 07:14

Қостанай облысында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алудың заңдылығы тұрғысынан тексерумен 2439 отбасы қамтылған, оның 116 отбасына уақытша тоқтатылған, тағы 1193 отбасына төлем тоқтатылған.

Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Максим Устинов АӘК тағайындау кезінде өңір тұрғындарының әлеуметтік қызметкерлерді алдау фактілері туралы айтып берді. Ең көп таралған бұзушылық нақты табыстарды жасыру болды.

02.10.2019 - 07:13
Өзгертілді: 02.10.2019 - 07:13

Беттер