Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «» атты Қазақстан халқына жолдауында алдын ала жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыру тапсырмасы алға қойылған. Елбасы атап өтті: «Үлкен жұмыс жүргізілуде. Тек соңғы 3 жыл ішінде белгілі шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, 2,5 мыңнан астам тұлға сотталды».

Өкінішке орай, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша үнемі өткізілетін түсіндіру жұмыстарына қарамастан, 2017 жылы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік бюроның бөлімшесі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкері – Жезқазған қаласы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бастығы М.Е. Оспановтың сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағанын анықтады. Ол бірнеше рет пара алды деп айыпталды. Соттың шешіміміен М.Е. Оспанов кінәлі деп танылып, параның 70 еселі көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды. Жұмыстан теріс уәж бойынша босатылды.

Бұл жайт, сана-сезімді өзгерту және жемқорлыққа қарсы күрес тәртібін қалыптастыру мақсатында, департамент қызметкерлері және қызмет алушылар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін көрсетті.

Сыбайлас жемқорлық оқиғасына байланысты, соттың шешімі облыстың медициналық-әлеуметтік сараптама сарапшыларының кеңейтілген отырысында талқыланды.

2017 жыл ішінде Департамент қызметкерлері келесілерді өткізді:

  • ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы бойынша материалдарды дайындаумен оқу;
  • ҚР Мемлекеттік кызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мамандарын шақырумен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша бейнематериалдарды көрсетумен семинарлар ұйымдастырылды.
  • «Парасыз болашаққа. Бірге!» жемқорлыққа қарсы  көшпелі мобильді тобымен департамент қызметкерлерінің кездесуі өтті;
  • МӘС бөлімдерінің ақпараттық тақтайшаларында  Call center номері көрсетілген ақпараттық парақшалар орналастырылған, қызмет алушылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы деректерін анықтаған жағдайда осы номер бойынша жүгіне алады;
  • Әр кабинеттің жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрнекі ақпараты бар буклеттер мен кітапшалар қойылған.
  • Әр ай сайын сауалнамалар және қызмет алушылар сауалнамасының талдауы жүргізілді;
  • Қызметтік әдеп нормасы сақтау және ұжымдағы моральдық-психологиялық климатының ахуалы мониторингі бойынша қызметкерлер арасында жасырын сауалнама жүргізілді;
  • Әр медициналық-әлеуметтік сараптама кабинетінде және дәлізде бейнебақылау жүргізіледі;
  • 43-02-02 сенім телефоны қызмет атқарады, 1 қабатта өтініштерге арналған жәшік орнатылған;
  • Басшының орынбасары және медициналық –әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің мамандары кумән туғызатын бақылау бойынша куәландыру актілерін, шешімдерді бөлімнің комиссиясында қарайды.

Барлық көрсетілген іс-шаралар ағымдағы 2018 жылы жалғастырылады. Одан басқа, «Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне ауысу қарастырылуда. Пилоттық жобаны Қарағанды облысында іске қосу ұсынылды.

Қызмет алушылардың тұрғылықты орнына қарамастан, субъективтік факторларды болдырмау мақсатында сараптамалық шешімдерді тәуелсіз сарапшылар шығарады. Бұл шара қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөліктерін жоюға мүмкіндік береді.

 

ҚР ЕжХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау

және көші-қон комитетінің

Қарағанды облысы бойынша

департаментінің басшысы
Н.А. Крюкова