Жиналыс өткізу туралы

Облыста қала құраушы кәсіпорындарың бар болуын ескере отырып, 2019 жылы 9 сәуірде Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «Жезқазган қаласының медициналық орталығы» ЖШС өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізді, оның барысында жұмыс берушілер тарапынан еңбекке жарамсыздық парақтарын беру мерзімдерін сақтамау – пациент жүгінген күні емес, еңбекке жарамсыздық парағын ашу сияқты өтініштер және жұмыс берушілердің медициналық ұйымдардың диагностикалық және емдеу процесіне араласуы бөлігінде медициналық-әлеуметтік сараптама тарапынын келіп түскен шағымдар қарастырылды. Жиналыста медициналық көмек көрсету тәртібін сақтамау және пациенттің құқықтарын бұзу мәселелері талқыланды, сондай-ақ осы проблеманы реттеу мақсатында шешу жолдары анықталды.

Қазақ