«ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші –қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ «Б» корпусының төменгі болып табылатын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

С-О-6 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 мамырда № 18735 тіркелген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

 

Санаты Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-6

97510,5

132019,6

 

 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 100009, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73 үй, байланыс телефоны: 8 /7212/43-29-22, 43-02-02, факс 43-20-97, dep.kense@mail.ru, төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

 

1. №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жетекші маманы (С-О-6 санаты, 1 бірлік, №5-3-3):

Функционалдық міндеттері: Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыны; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаға ай сайынғы мемлекеттік  жәрдемақыны; бала кезінен 1 топ мүгедегіне күтім жасайтын тұлғаға ай сайынғы мемлекеттік  жәрдемақыны; зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді;  қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді; жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына бір жолғы ақшалай өтемақыны; Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен азаматтарына біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны; субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын; инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемдерін тағайындау (немесе бас тарту туралы, төлемді өзгерту немесе мөлшерін өсіру, тоқтату, қайта төлеу, біржола тоқтату туралы) шешім қабылдау; Зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама талаптарының сақталуына өз құзыреттігі шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.  Өз құзыреттігі шегінде  Республикалық бюджет қаражатының есебінен төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің, Мемлекетттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің уақытылы және толық төленуіне бақылау жасайды.  ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының аумақтық бөлімшелерінен келіп түскен іс макеттерін әзірлеудің сапасын тексереді;  Бөлімнің қызмет саласы бойынша есептерді, анықтамалар мен басқа да ақпараттық-талдау материалдарын жасауға қажетті мәліметтерді дайындайды; Бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер жөнінде консультациялық және түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Заңмен бекітілген тәртіпте бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, жалпы қабылданған этика және мемлекеттік қызметкердің этикасын, сонымен қатар Департамент жұмысының тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін ұстанады. Департаменттің басшылығымен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «қызметтер» (әлеуметтік жұмыс), «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе «сервис, экономика және басқару» (әлеуметтік жұмыс, экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), мемлекеттік және жергілікті басқару (салалар бойынша),  статистика (салалар бойынша),  және «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі білім. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын білу.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

      Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

      1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

      2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

       Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Аталған құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-де құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде  тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

         Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне  қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы  құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар  және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде  конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Нысан

 

 

 

 

 

 

    __________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені _____________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға  міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _________________________________

__________________________________________________________________

 

     

________                                            ____________________________________

 (қолы)                                                (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 "___"_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы(болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары(болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені(болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі(болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата