«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ мемлекеттік қызметшіле

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ мемлекеттік қызметшілері арасында  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

С-О-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдардағы қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 2 жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік лауазымдардағы қызмет өтілі 2 жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

С-О-5 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

 

         Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

126 356

170 599

С-О-5

108 305

146 177

 

 

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 100009, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73 үй, байланыс телефоны:
8 /7212/43-29-22, 43-02-02, факс 43-20-97, dep.kense@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

 

1. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамалық және бақылау бөлімінің басшысы (С-О-4 санаты, 1 бірлік, №6-1, Қарағанды қ.)

Функционалдық міндеттері: Медициналық-әлеуметтік сараптаманың аумақтық бөлімдерінің (бұдан әрі – МӘСБ) сараптамалық қорытындысына шағымданған адамдарды қайта куәландыруды жүргізуге тікелей қатысады және ұйымдастырады.  МӘС бөлімдерімен шығарылған сараптамалық қорытындылардың негізділігі тұрғысынан науқастар мен мүгедектерді бақылау куәландыру процесіне қатысады. Облыс бойынша мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын (бұдан әрі – ОЖБ) қалыптастыру, медициналық-әлеуметтік сараптама актілерін және басқа да сараптамалық құжаттарды ресімдеу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жүйелі мониторингі мәселесі бойынша басшылықты жүзеге асырады.  Облыс бойынша және облыс өңірлері бойынша динамикадағы мүгедектік жағдайын талдайды, облыс бойынша МӘСБ қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы тоқсандық және жиынтық жылдық есептерді жасайды. Емдеу ұйымдары мен әлеуметтік қорғау органдарының ОЖБ медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөлігінің уақытылы және сапалы орындалуына мониторинг жүргізу мәселесі бойынша үнемі басшылықты жүзеге асырады. Медициналық – әлеуметтік сараптама сапасын жақсарту және МӘСБ мамандарының құқықтық сауаттылығын қалыптастыру бойынша іс-шаралар әзірлейді. Медициналық - әлеуметтік сараптаманың және мүгедектерді оңалтудың түрлі аспектілері бойынша денсаулық сақтау ұйымдары мен МӘСБ мамандары үшін тұрақты негізде консультациялық, әдістемелік көмекті жүзеге асырады. ММС мамандарының қызметін бағалау нәтижелері бойынша және жоғары тұрған басшылықпен бірлесіп талқылау негізінде оларды материалдық ынталандыру бойынша ұсыныстар береді. Еңбек тәртібін МӘСБ мамандары бұзған және лауазымдық міндеттерін тиісті түрде орындамаған жағдайда тәртіптік жаза қолдану үшін ұсыныстар дайындайды. Ведомствоішілік және ведомствоаралық деңгейлерде медициналық – әлеуметтік сараптаманың әртүрлі мәселелері бойынша кеңестерді дайындауға және ұйымдастыруға, облыс әкімі жанындағы мүгедектер істері бойынша үйлестіру кеңесіне қатысады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың қалың жіктерімен тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, мемлекеттік қызметшінің жалпы қабылданған этикасы мен этикасын, сондай-ақ Департаменттің жұмыс регламентін және ішкі тәртіп қағидаларын сақтайды. Құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Департамент басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша білім. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі.

2. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы
(С-О-5 санаты, 1 бірлік, №5-3-3, Қарағанды қ.,)

Функционалдық міндеттері: Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы; мүгедек баланы тәрбиелеуші адамға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы; бала жасынан 1-топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы; зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақы; бала кезінен 1-топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы; бала жасынан; азаматтарына ай сайынғы төлемдерді ҚР төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін келтірілген зиянды өтеу бойынша қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына салдарынан таратылған заңды тұлғалардың банкроттық; біржолғы ақшалай өтемақыларды саяси қуғын-сүргін құрбандарына, сондай-ақ гражданам, пострадавшим вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне; міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға жататын; выплаты разницы между суммой обязательных пенсионных взносов с учетом уровня инфляции сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы. Өз құзыреті шегінде зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде республикалық бюджет қаражатынан зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық төленуін бақылауды жүзеге асырады. Қарағанды облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының аумақтық бөлімшелері ұсынатын іс макеттерін қалыптастыру сапасын тексереді. Бөлім қызметінің саласы бойынша статистикалық есептерді, анықтамаларды және басқа да ақпараттық-талдау материалдарын құрастыру үшін қажетті мәліметтерді дайындауды жүзеге асырады. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңес беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіпте қарайды. Бөлім басшысы болмаған жағдайда оның орнын басады. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, мемлекеттік қызметшінің жалпы қабылданған этикасы мен этикасын, сондай-ақ Департаменттің жұмыс регламентін және ішкі тәртіп қағидаларын сақтайды. Департамент басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс), «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша білім. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын білу.

3. Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас мамандары (С-О-5, 4 бірлік, Қарағанды қ. №1 – 1 бірлік №7-1-3; Жезқазған қаласының №3-1 бірлік №7-3-3; Балқаш қаласының №7-1 бірлік №7-7-3; Қарағанды қаласының №9-1 бірлік №7-9-2)

Функционалдық міндеттері: Медициналық – әлеуметтік сараптама (әрі қарай – МӘС бөлімі) бөлімі мамандарымен мүгедектік орнату, еңбекке қабілеттілік дәрежесінен айырылу, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасын (әрі қарай - ЖОБ) дайындау, медициналық – әлеуметтік сараптама актілерін рәсімдеу және басқа да сарапты құжаттарды әзірлеу бойынша мемлекеттік, сонымен қатар композитті қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру, дауыс беру құқығымен өзі тікелей атсалысу. МОДБ ААЖ-не мүгедектерді куәландыру мәліметтерін енгізу. Қызмет көрсететін аудан бойынша ауыратын мүгедектердің медициналық – әлеуметтік сараптамасы және оңалту бойынша түрлі сұрақтар жөнінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандары үшін кеңестік, әдістемелік көмек көрсету. МӘСБ қызметкерлері қызмет көрсететін аумақтағы халыққа медициналық ұйымдар және әлеуметтік қорғау органдарының ЖОБ-нің медициналық, әлеуметтік және кәсіби бөлігін орындауына бақылау жүргізу үрдісіне үнемі мониторинг жүргізу. МӘСБ қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша тоқсандық және жиынтық жылдық есепті құрастыруды ұйымдастыру және өзі тікелей атсалысу. Тұрақты түрде халыққа түсіндіру жұмыстарды БАҚ арқылы жүргізу. Қазақстан Республикасының  «Жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының талаптарын, жалпы қабылданған этика және мемлекеттік қызметкердің этикасын, сонымен қатар Департамент жұмысының тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін ұстану. Құзыреттігіне қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.  Департаменттің басшылығымен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша білім. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар  («Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2 қосымшасы сәйкес үлгідегі өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

         Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ -де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

         Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде  конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

  

 

 

    __________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені _____________________________________________________________

________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға  міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

 _______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _________________________________

________________________________________________________________________

     

________                                                            ____________________________________

 (қолы)                                                       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 "___"_______________ 20 __ ж.

 

Қазақ