«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-нің мемлекеттік қызмет

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

 С-О-5 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 мамырда № 18735 тіркелген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

 

         Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

108 305,64

146 177,22

 

 

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 100009, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73 үй, байланыс телефоны: 8 /7212/ 43-02-02, факс 43-20-97, dep.kense@mail.ru, «Б» корпусының бос  мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында  ішкі конкурс жариялайды.

 

1. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамалық және бақылау бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік, Қарағанды қ., №6-5);

Функционалдық міндеттері: медициналық-әлеуметтік сараптама (әрі қарай – МӘС бөлімі) бөлімі мамандарымен мүгедектік орнату, еңбекке қабілеттілік дәрежесінен айырылу, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасын (әрі қарай - ЖОБ) дайындау, медициналық – әлеуметтік сараптама актілерін рәсімдеу және басқа да сарапты құжаттарды әзірлеу бойынша мемлекеттік, сонымен қатар композитті қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру, дауыс беру құқығымен өзі тікелей атсалысу. МОДБ ААЖ-не мүгедектерді куәландыру мәліметтерін енгізу. Қызмет көрсететін аудан бойынша ауыратын мүгедектердің медициналық – әлеуметтік сараптамасы және оңалту бойынша түрлі сұрақтар жөнінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандары үшін кеңестік, әдістемелік көмек көрсету. МӘСБ қызметкерлері қызмет көрсететін аумақтағы халыққа медициналық ұйымдар және әлеуметтік қорғау органдарының ЖОБ-нің медициналық, әлеуметтік және кәсіби бөлігін орындауына бақылау жүргізу үрдісіне үнемі басшылық жасау. МӘСБ қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша тоқсандық және жиынтық жылдық есепті құрастыруды ұйымдастыру және өзі тікелей атсалысу. Облыс әкімі жанындағы Мүгедектер ісі жөніндегі үлестіру Кеңесінде ішківедомстволық және ведомствоаралық деңгейде медициналық-әлеуметтік сараптаманың түрлі мәселелері бойынша кеңестерді дайындайды және ұйымдастырады.   Тұрақты түрде халыққа түсіндіру жұмыстарды БАҚ арқылы жүргізу.  Департаменттің басшылығы жүктеген басқа да міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар: «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі.

 

2Қарағанды қ. №9 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы (С-О-5,  1 бірлік №7-9-3) 

Функционалдық міндеттері: Медициналық – әлеуметтік сараптама (әрі қарай – МӘС бөлімі) бөлімі мамандарымен мүгедектік орнату, еңбекке қабілеттілік дәрежесінен айырылу, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасын (әрі қарай - ЖОБ) дайындау, медициналық – әлеуметтік сараптама актілерін рәсімдеу және басқа да сарапты құжаттарды әзірлеу бойынша мемлекеттік, сонымен қатар композитті қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру, дауыс беру құқығымен өзі тікелей атсалысу. МОДБ ААЖ-не мүгедектерді куәландыру мәліметтерін енгізу. Қызмет көрсететін аудан бойынша ауыратын мүгедектердің медициналық – әлеуметтік сараптамасы және оңалту бойынша түрлі сұрақтар жөнінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандары үшін кеңестік, әдістемелік көмек көрсету. МӘСБ қызметкерлері қызмет көрсететін аумақтағы халыққа медициналық ұйымдар және әлеуметтік қорғау органдарының ЖОБ-нің медициналық, әлеуметтік және кәсіби бөлігін орындауына бақылау жүргізу үрдісіне үнемі мониторинг жүргізу. МӘСБ қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша тоқсандық және жиынтық жылдық есепті құрастыруды ұйымдастыру және өзі тікелей атсалысу. Тұрақты түрде халыққа түсіндіру жұмыстарды БАҚ арқылы жүргізу. Қазақстан Республикасының  «Жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының талаптарын, жалпы қабылданған этика және мемлекеттік қызметкердің этикасын, сонымен қатар Департамент жұмысының тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін ұстану. Құзыреттігіне қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.  Департаменттің басшылығымен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар: «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар  («Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2 қосымшасы сәйкес үлгідегі өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталғанқызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

         Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ -де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

         Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде  конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

  

 

 

    __________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені _____________________________________________________________

________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға  міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

 _______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _________________________________

________________________________________________________________________

     

________                                                            ____________________________________

 (қолы)                                                       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 "___"_______________ 20 __ ж.